Volkswagen жасаушылары ойластырған сервиспен танысыңыз 

Сіздің автокөлігіңізді жасаған адам ғана оның қыр-сырын толық біледі. Міне, сондықтан Volkswagen сервисі дегеніміз – білікті шеберлер, түпнұсқа бөлшектер, озық жабдықтар, сервис жұмыстары мен баға белгілеудің ашықтығы.

Volkswagen ресми сервисінің сенімділігін, қауіпсіздігін және кәсібилігін сезінуіңіз үшін қажеттінің барлығы 

Volkswagen-ді жасаушылардың сервисін сезіну

Ол сізге таныс па? 

Сервис туралы сөз қозғалған кезде, бұл – Volkswagen-жі сезіну деп аталады. Кәсіпқойлардың мінсіз жұмысы, инновациялық технологиялар, ойластырылған шешімдер мен сапа кепілдігі, сондай-ақ жолда орын алған кез-келген жағдайда біздің мамандардың тәулік бойы қолдауы.

Біздің мамандар немістердің инженерлік тәсілі мен қағидаттарын іске асырады. Volkswagen дәл осылай жұмыс істейді!

Volkswagen ресми сервисінің бүкіл артықшылықтарды сынап көріңіз 

Кәсіпқойлық

Біз Volkswagen автокөліктерінен хабардармыз және олардың қалай құрастырылғанын білеміз, өйткені біздің қолымызда инженерлердің ең озық әзірлемелері мен ең жақсы жабдықтары бар. Сервис орталықтарының қызметкерлері Volkswagen академиясында жүйелі түрде оқудан өтіп, біліктілігін арттырады.

Заманауи жөндеу технологиялары мен диагностика жабдықтары, сондай-ақ сапа мен қызмет көрсетудің жоғары стандарттары - біздің мамандардың жұмысынан рақат алуыңыз үшін қажетті нәрселер.

Сенімділік

Кез келген жағдайда бізге сенім артуға болатынына уәде береміз, өйткені біз нәтижеге жауаптымыз. Түпнұсқа қосалқы бөлшектерOpens an external linkді пайдалана отырып автокөлігіңізге уақтылы техникалық қызмет көрсетілген жағдайда біз сіздің Volkswagen автокөлігіңізге зауыттық кепілдіктіOpens an external link ұсынамыз.   

Volkswagen түпнұсқа бөлшектері – автокөліктің барлық жүйелерінің, тораптарының және агрегаттарының өндіруші белгілеген пайдалану сипаттамаларына сай дұрыс жұмыс істеуінің кепілі!

Сондай-ақ жолда күтпеген жағдай орын алған жағдайда «Ұтқырлық кепілдігі» бағдарламасыOpens an external link аясында сіз тәулігіне 24 сағат және аптасына 7 күн бойы Volkswagen  мамандарының білікті көмегіне қол жеткізе аласыз.

 

Ілгерінді тәсіл

Технологиялар – сіздің Volkswagen автокөлігіңіздің тиімдірек болу және көбірек жұмыс істеу мүмкіндігі. Бұл – сіздің уақытыңызды, күшіңізді және ақшаңызды үнемдейді.

Ресми қызмет көрсету орталығына барған кезде сіз интерактивті қабылдау барысында көлікті кеңесші-шебермен бірге тексере аласыз. Бұл процесс 15 минуттан аспайды! Қандай жұмыстар міндетті және қайсысы ұсынымдық сипатта болатынын хабарлаймыз және олардың құнын есептейміз. Ал дұрыс шешімді өзіңіз қабылдайсыз.

Сіздің автокөлігіңіз сенімді қолда

Сіз Volkswagen ресми сервисінде автокөлікке қызмет көрсетудің нені білдіретінін сезінуіңіз үшін біз күн сайын өз философиямыз бен стандарттарымызды ұстанамыз.

Сындарлылық

Сізге қосалқы бөлшектерді өз бетінше іздеп, автокөлігіңізге сәйкес келетінін таңдаудың қажеті жоқ – дилерлік желіде өзіңіз үшін ыңғайлы Volkswagen сервисін таңдасаңыз болғаны. Сіз жай ғана келіңіз, біз бәрін өзіміз жасаймыз.

Біз ашық баға белгілеуді ұсынамыз және ең бастысы, кепілдік кезіндегі және кепілдіктен кейінгі Volkswagen автокөлігінің иелері үшін тиімді акцияларды жүйелі түрде өткіземіз.

Бұл қаншалықты оңай екенін сезініңіз: онлайн режимінде жазылыпOpens an external link, бізге келіңіз.
Қалғанының барлығын өзіміз жасаймыз! 

 

Біздің құндылықтар

Volkswagen сервисінің философиясы туралы және сіздің автокөлігіңіздің сенімді қолда екеніне көз жеткізу үшін біз күнделікті ұстанатын құндылықтар туралы көбірек біліңіз.

Remaining time, --:--

Арнайы ұсыныстар

Volkswagen ресми дилерлік орталықтарында ең тиімді шарттармен сервистің өзекті ұсыныстарын пайдалана отырып, жаңа маусымға жақсылап дайындалыңыз.

Volkswagen-нің көбірек ұсыныстары

Проверка на сервисные мероприятия

Программа помощи на дорогах «Гарантия мобильности»‎

Сервис для послегарантийных автомобилей

Volkswagen-нің көбірек ұсыныстары