Volkswagen кепілдігі
Жаңа Volkswagen автокөліктеріне кепілдік
Сенімді Volkswagen автокөлігін таңдай отырып, Сіз брендтен автокөлікті иелену кезеңінде сапа кепілдігін және барынша қолайлы шарттарды аласыз. Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған Volkswagen маркалы жаңа автомобильдерге Volkswagen компаниясының ресми дилерінен автокөлік сатып алынған күннен бастап жүрісі бойынша шектеусіз 2 жыл кепілдік беріледі.
Volkswagen Jetta, Volkswagen Passat және Volkswagen Touareg
Volkswagen Jetta, Volkswagen Passat және Volkswagen Touareg үлгісіндегі автокөліктерге жүрісі бойынша шектеусіз өндірушінің 2 жылдық кепілдік беріледі.
Лак-бояу жабынына және өтпелі коррозияға кепілдік
Volkswagen автокһліктеріне келесі кепілдік беріледі:
- шанақтың лак-бояу жабынында кемшіліктердің болмауына – жүрісі бойынша шектеусіз 3 жыл;
- өтпелі коррозияның болмауына – жүрісі бойынша шектеусіз 12 жыл.
Түпнұсқа бөлшектер мен керек-жарақтарға кепілдік
Volkswagen уәкілетті дилерінен сатып алынған түпнұсқа бөлшектер мен керек-жарақтарға – бөлшекті Volkswagen ресми дилерлік желісінен сатып алған сәттен бастап, жүрісі бойынша шектеусіз 2 жыл кепілдік беріледі. Кепілдендірілген (тегін) жөндеу кезінде орнатылған түпнұсқа бөлшектерге кепілдік автокөліктің негізгі кепілдігінің мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
Кепілдік міндеттемелері шамадан тыс жүктеу, сыртқы әсер ету, тиісінше қызмет көрсетпеу немесе өнімнің конструкциясына жол бергісіз өзгерістер енгізу салдарынан туындаған зақымданулар мен табиғи тозуға қолданылмайды.
Тек 5-сыныпты дизель отыны – сіздің Volkswagen автокөлігіңіздің қозғалтқышыңызының мінсіз жұмыс істеуінің кепілі.
Ымыраға келмеңіз. Автоөлігіңізге лайықты сапаны таңдаңыз
«ФОЛЬКСВАГЕН» концерні жүргізген, Қазақстан Республикасы аумағында сатылатын дизель отынын * тексерудің нәтижелеріне сәйкес, біз тексеру кезеңінде «Лукойл», «Башнефть», «Газпромнефть», «Татнефть», BP, Shell желілерінің жанармай құю станцияларында ұсынылатын дизель отыны құрамындағы күкірттің мөлшері бойынша 5-ші экологиялық сыныпқа сәйкес келгенін растаймыз. 5-ші экологиялық сыныпқа сәйкес келмейтін дизель отынын пайдалану – автокөлік қозғалтқышының істен шығуына әкелуі мүмкін екеніне және бұл – пайдалану ақаулығы болып есептелетініне және өндірушінің кепілдігімен қамтылмайтынына назарыңызды аудартқымыз келеді.
* Тексерулер 06.2015 - 02.2017 аралығындағы кезеңде жүргізілді (аталған желілердің әрқайсысы ұсынатын отынға кемінде үш тексеру жүргізілді).