New Volkswagen Touareg

Scroll down

Аты аңызға айналған жол талғамайтын көліктің жаңа буынымен танысыңыз 

Сіз оны бір рет көргеннің өзінде ешқайсысымен шатастыра алмайсыз. Volkswagen Touareg-тің сенімді, таза сызықтары оның жүз пайыз танылуын қамтамасыз етеді. Жабдықтардың көптеген инновациялық элементтері, мысалы, қисаюды өтемдеудің белсенді электрмеханикалық жүйесі, IQ.Light жарықдиодты матрицалық фаралары және Innovision Cockpit цифрлық аспаптар тақтасы сіздің қауіпсіздігіңіз бен жайлылығыңызды ойлап қана қоймай, сонымен қатар көлік жүргізуден теңдессіз рақат алуды қамтамасыз етеді.

Өзіңіздің Volkswagen Touareg-ті жасаңыз

Touareg

IQ. Light жарықдиодты матрицалық фаралары  
Ешкімнің көзін шағылыстырмайды

Dynamic Light Assist фаралардың жарығын динамикалық реттеу жүйесі бар IQ. Light жарықдиодты матрицалық фаралары қозғалыстың басқа қатысушыларына кедергі келтірместен жолды жақсырақ жарықтандыра алады.
Жарығы кез келген жағдайда көзді шағылыстырмайды.

Volkswagen Touareg-тің дизайны ешкімді бей-жай қалдырмайды

Автокөлік салонын жеке стильде безендірудің кең мүмкіндіктері ерекше әсер қалдырады.

Экстерьер

Абсолютно новый дизайн

Мощная передняя часть с удлиненной линией капота и эффектные блоки задних светодиодных фонарей подчеркивают не только элегантность и динамику Touareg, но и его внедорожные возможности.

Стильдік бағыттар және әрлеу нұсқалары

Сізге қай стиль көбірек ұнайды? Өз сезіміңізге сенім арта отырып, стильдік бағыттардың бірін таңдаңыз — өзіңіздің Volkswagen Touareg үшін Elegance немесе Atmosphere

Жайлылық

Volkswagen Touareg жайлылықтың ең жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Кең интерьерді, жоғары сапалы әрлеу материалдарын және инновациялық технологияларды бағалаңыз.

Салонды трансформациялау нұсқалары

Кеңістіктің жаңа өлшемі

Сәнді дизайн мен кең функционалдық мүмкіндіктердің тамаша үйлесімінің арқасында сіз және сіздің жолаушыларыңыз Volkswagen Touareg салонында өздеріңізді керемет ыңғайлы сезінесіздер. Кең жүк салғыш және электр жетегі бар артқы есігі кез келген ұзақ сапарда барынша икемділік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

Innovision Cockpit цифрлық инновациялық тақтасы

Innovision Cockpit цифрлық аспаптар тақтасы – Volkswagen Touareg-тің жарқын ерекшеліктерінің бірі.

Innovision Cockpit

Келешектік басқару орталығы 

Бірыңғай экран дизайны навигациялық жүйенің тақтасы мен экранын бірыңғай футуристік басқару орталығына біріктіреді. Түймелердің болмауы, түрту және ишара арқылы ыңғайлы басқару элементтері, сондай-ақ дербестендіруге арналған әртүрлі опциялар жеке безендіру бойынша қосымша мүмкіндіктерді ұсына отырып әсерді күшейте түседі.

Мультимедия жүйелері

Радио және навигация жүйесінің функцияларын, сондай-ақ көлемді дыбысы бар аудиожүйені ишара арқылы оңай басқаруға болады.

DYNAUDIO аудиожүйесі

Таза және көлемді дыбыстан рақаттаныңыз

7.1 DYNAUDIO компаниясы ұсынған Dolby-Surround дыбыстың аса жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. 13 динамикпен жабдықталған жүйе сіздің Volkswagen Touareg автокөлігіңіздің салонының акустикалық параметрлеріне сәйкес бапталған.

Жүргізушінің электрондық  ассистенттері

Volkswagen Touareg ең жаңа «жүргізушінің ассистенттерімен» - электрондық көмекші жүйелерімен жабдықталған, олардың кейбірі Volkswagen маркалы автомокөліктерде алғаш рет қолданылған.

Traffic Lam Assist кептелістегі қозғалыс ассистенті

Тіпті кептелісте өзіңізді жайлы сезіну 

Traffic Jam Assist кептелістегі қозғалыс ассистенті баяу қозғалатын ағында жиі тоқтаумен қозғалу кезінде жүргізушіге түсетін салмақты жеңілдетеді.

Технологиялар және инновациялар

Инновациялық технологиялар Volkswagen Touareg автокөлігіне айрықша жүру қасиеттерін ұсынады. Ол спорттық стильде жүргізуге де, жолсыз жермен жүруге де керемет жарайды.

Пневматикалық аспа

Әрдайым қажетті биіктікке

Volkswagen Touareg автокөліктің жол саңылауын кез келген жол қозғалысы жағдайына бейімдейді. Шанақты көтеріп, 258 мм-ге дейін ұлғайтылған жол саңылауына бекітуге болады. Ал жүксалғышқа тиеу мен түсіруді жеңілдету үшін шанақтың артқы жағын стандартты қалыпқа қатысты 50 мм төмендетуге болады.